
Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар мектепте педагогикалық қолдау көрсету орталығын құру туралы хабардар етіліп, отырыстардың кестесімен және орталық жұмысының мазмұнымен таныстырылды.
Кездесу барысында ата-аналармен әңгіме жүргізіліп, онда балалар арасындағы бұзақылықтың алдын алу, олардың Республикадағы қайғылы нәтижелері, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы, т.б. мәселелері талқыланды.
